«Jańa Dala / Green Day ‘2024» көрме-демонстрациясы

1 августа, 2024
AgroKaz

ҚИнЭУ AGROKAZ командасы «Jańa Dala / Green Day ‘2024» Қазақстандық дала күні» мамандандырылған көрме-демонстрациясына қатысты. Іс-шараның бірінші күнінде Қостанай облысының әкімі Құмар Іргібайұлы Ақсақаловтың қатысуымен ресми түрде демонстрация ашылды, ол өз сөзінде кадрларды іріктеу және олармен жұмыс істеу Мемлекет басшысының алға қойған мақсатына жетудегі жетістіктің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын, 2028 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемін 2 есеге ұлғайту екенін атап өтті. Бұл ауыл шаруашылығы саласындағы білім беру бағдарламаларының, оның ішінде біздің «Агроэкология» жаңа дуальді білім беру бағдарламасының өзектілігін тағы да растайды.

ҚИнЭУ AGROKAZ командасы көрме шеңберінде кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізіп, ЖОО және «Агроэкология» білім беру бағдарламасы туралы роллаптарды орналастырып, осы дуальді бағдарламаның мүмкіндіктері, оның бірегейлігі мен артықшылықтары туралы ақпарат беріп, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен жаңа серіктестіктер құрды.

Leave a comment