ҚИнЭУ-дегі Топырақ және агрохимиялық зерттеулер зертханасы қазан айында AGROKAZ халықаралық жобасы аясында құрылып, Қостанай филиалындағы Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығынан Өлшемдердің жай-күйін бағалау куәлігін алды.
Бұл аттестация зертхананың жоғары деңгейдегі жұмысын растайды және көптеген мүмкіндіктерді ашады:
- Қазіргі заманғы зерттеулер жүргізу, ғылыми мақалалар жариялау және ірі ғылыми жобаларға қатысу.
- Студенттер мен оқытушыларға жоғары технологиялық жабдықтармен жұмыс істеу және практикалық тәжірибе алу мүмкіндігін ұсыну.
- Агроөнеркәсіптік кәсіпорындармен ынтымақтасу және кәсіби топырақ талдау қызметтерін көрсету.
- Агрохимияда инновациялық тәсілдерді әзірлеу және енгізу.
AGROKAZ жобаның серіктестері ауыл шаруашылығында тұрақты шешімдер жасау үшін күш біріктіреді!