«Агроэкология» біліктілікті арттыру курстары: нәтижелер күтілгеннен асып түсті

31 января, 2025
AgroKaz

Бүгін тыңдаушыларға «Агроэкология» біліктілікті арттыру курстарынан сәтті өткендігі туралы сертификаттар табысталды.

Оқыту 20-31 қаңтар аралығында ҚИнЭУ базасында өтті. Спикерлер ретінде стандарттау және тамақ технологиялары кафедрасының оқытушылары: жоба жетекшісі профессор Есеева Ғайния Қалымжанқызы, ғалым агроном Кукенов Арман Жұмабұлы, аға оқытушы Назарова Жадыра Жағыпарқызы, оқытушы Валентина Александровна Лобазова сөз сөйледі.

ҚИнЭУ ректоры Арман Оразалыұлы Исмаилов курсты қорытындылап: «Бұл курсқа ниет білдірушілердің көп болғаны қуантады. Тіркелгеннен кейін екінші ағынға жазба ашылды. Біліктілікті арттыру курстарына біздің әріптестеріміз, ғалымдарымыз, түлектеріміз және осы бағытқа қызығушылық танытқандардың барлығы қатысты».

Сондай-ақ, Арман Оразалыұлы Қостанай облысының Білім басқармасына, Кәсіпкерлік басқармасына және Кәсіпкерлер палатасына ақпараттық қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді

Курстар алғаш рет өткізіліп, нәтижелер күтілгеннен асып түсті. 70-тен астам қатысушы агроэкология тақырыбына қызығушылық танытты. Бұл бағдарламаның қажеттілігі мен өзектілігін көрсетеді.

Баршаңызды курстың табысты өтуімен құттықтаймыз!

Leave a comment