«Агроэкология» және «Стандарттау және сертификаттау» білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналған танысу экскурсиясы

16 сентября, 2024
AgroKaz

16 қыркүйекте Қостанай облысы Экология департаментінің зертханасында «Агроэкология» және «Стандарттау және сертификаттау» білім беру бағдарламаларының студенттері үшін таныстыру экскурсиясы өтті.

Департамент мамандары Камеева Әсем Ақылбекқызы мен Жалғасбекқызы Гүлдана талдамалық бақылау зертханасына экскурсия өткізді, титрлеу әдісімен судың тұзды құрамына талдау жасады, сынамаларды талдау және үлгілерді іріктеу үшін жабдықтармен және химиялық ыдыстармен таныстырды, атмосфералық ауадағы заттардың мөлшерін өлшеуді көрсетті.

Leave a comment