Торайғыров университетіне САААЕ сыртқы сараптама комиссиясы келді!
Осы аптада Торайғыров университетіне Білім беруді аккредиттеу жөніндегі Орталық Азия қауымдастығының (САААЕ) сыртқы сараптама комиссиясы келді. Максат – 6B08111 Агроэкология білім беру бағдарламасын аккредиттеу.
Сараптама барысында сарапшылар университет басшылығымен, профессорлық-оқытушылық құраммен және студенттермен кездесіп, білім беру үдерісінің негізгі аспектілерін талқылады. Сондай-ақ, делегация бағдарламаның тәжірибе базасы – ҚР АШМ Павлодар облыстық аумақтық инспекциясына барды.
Біз бағдарламамыздың осындай маңызды бағалаудан өтіп жатқанын мақтан тұтамыз!
Сарапшыларға кәсібилігі мен құнды ұсыныстары үшін, сондай-ақ дайындыққа атсалысқан барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз.