25 сәуірде ауыл шаруашылығы республикалық оқу-әдістемелік Кеңесінің отырысында “Заречное” АШТС” ЖШС қауымдастырылған профессоры, ғалым хатшысы Сания Түлүкбаева станция жұмысының негізгі бағыттары және М. Дулатов атындағы ҚИНЭУ-мен “Агроэкология” білім бағдарламасы бойынша дуальды оқытуды дамыту туралы баяндама жасады.
Студенттер мамандардың жетекшілігімен теориялық білімдерін зертханалар мен станцияның тәжірибелік аландарында бекітеді. Бұл тәсіл аграрлық сектор үшін білікті кадрлар даярлауға көмектеседі.
Қазақстанда заманауи агроэкологиялық дайындықты дамытуға ықпал ететін AGROKAZ халықаралық жобасына ерекше назар аударылды.