ҚИнЭУ-де «Зиянды организмдерді басқарудың интеграцияланған жүйесі» семинары

26 сентября, 2025
AgroKaz

23 қыркүйекте Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің базасында «Зиянды организмдерді басқарудың интеграцияланған жүйесі: аграрлық бейіндегі студенттер үшін заманауи тәсілдер мен енгізу перспективалары» тақырыбында семинар өтті.
Шараны ұйымдастырушы – Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты Erasmus + № 101082564 «AGROKAZ – Қазақстанда дуальды білім беретін агроэкология бойынша бакалавриат бағдарламасын дамыту» (Erasmus + бағдарламасы) халықаралық жобасы шеңберінде.
Семинар аграрлық бейіндегі студенттердің дайындық деңгейін арттыруға, олардың фитосанитариялық қауіпсіздік саласындағы құзыреттерін дамытуға, сондай-ақ өсімдіктерді қорғаудың инновациялық технологияларымен және биологиялық әдістерімен танысуға бағытталған.


Іс-шара аясында институт мамандары баяндама жасап, ғылыми әзірлемелердің тұсаукесерін өткізді. Сонымен қатар, қонақтар көрмені ұйымдастырды, онда институт қызметі, өсімдіктерді қорғаудың заманауи тәсілдері мен зиянды организмдерді мониторингілеу әдістері туралы көрнекі материалдар ұсынылды.
Семинар студенттер мен оқытушылардың қызығушылығын тудырды. Қатысушылар ҒЗИ жұмысының практикалық аспектілерімен танысты, бұл ғылым мен білім арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етті.

Leave a comment