«AGROKAZ: жүзеге асырылып жатқан жобалар»

26 сентября, 2025
AgroKaz

2025 жылғы 8–12 қыркүйек аралығында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде (ҚазҰАЗУ) «AGROKAZ: тиімді іске асыру стратегиялары» халықаралық жобасы шеңберінде бірқатар іс-шаралар өткізілді.


Іс-шаралар бағдарламасы университеттердің өкілдерімен ресми кездесулерді, үздіксіз білім беру курстарын енгізу мәселелерін талқылауды, сондай-ақ жобаны басқару, сапаны қамтамасыз ету, мониторинг және нәтижелерді тарату жөніндегі баяндамаларды қамтыды. ҚазҰАЗУ, Торайғыров университеті және М.Дулатов атындағы ҚИнЭУ Өздерінің ғылыми және практикалық әзірлемелерін ұсынды.


Сонымен қатар, білім беру бағдарламаларын енгізу тәжірибесіне, студенттердің қанағаттану деңгейін бағалауға және серіктес жоғары оқу орындарының бірлескен нәтижелерін талдауға ерекше назар аударылды.

Leave a comment