KEnEU International Week 2025 аясында университет халықаралық және өңірлік серіктестермен ынтымақтастық туралы жаңа келісімдерге қол қойды.




Келісімдер Хорватияның Йосип Юрай Штросмайер атындағы университетімен, Канададағы Esprichoo Education ұйымымен, Түркияның Халықаралық педагогикалық колледжімен, сондай-ақ Қостанай облысының ірі ұйымдары – «Жас-Канат 2006» ЖШС және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментімен жасалды.
Қол қойылған келісімдер бірлескен білім беру, ғылыми-зерттеу және өндірістік қызметті кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашып, Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің халықаралық ынтымақтастығын нығайтады және серіктестік көкжиегін кеңейтеді. Апта бойы Еуропа мен Азиядан келген ғалымдар тұрақты даму перспективаларын, инновациялар, агроэкология және жоғары білім берудегі цифрландыру мәселелерін талқылайтын болады.











Халықаралық алаң
Prev post