KEnEU International Week 2025 ресми түрде ашылды.

24 ноября, 2025
AgroKaz

ҚИнЭУ-де KEnEU International Week 2025 апталығының салтанатты ресми ашылуы өтті.

Іс-шара аясында ҚИнЭУ президенті Рихсибай Абдурахманұлы Мамедов құттықтау сөз сөйлеп, Халықаралық апталықтың маңыздылығын және серіктестік байланыстарды нығайтудағы университеттің рөлін атап өтті.

«Бүгін мұнда әлемнің түрлі елдеріндегі серіктес университеттердің ғалымдары мен сарапшылары жиналды. KEnEU International Week 2025 ынтымақтастықты нығайту мен білім алмасудың құнды дәстүріне айналады», – деді президент өз құттықтау сөзінде.

Шетелдік қонақтар – бұл қалаға алғаш рет келгендер де, бұған дейін сапарлағандар да – KEnEU International Week 2025 апталығына шақырғаны үшін ҚИнЭУ-ге алғыстарын білдіріп, болашақта бұл кездесу жемісті ынтымақтастыққа жол ашатын сенімді көпірге айналады деген үміттерін жеткізді. Олар тек университеттер арасындағы емес, мемлекеттер арасындағы берік байланыстар орнатудың маңыздылығын атап өтті.

Академиялық даму жөніндегі проректор Жұлдыз Орынтаевна Ошақбаева өз сөзінде университеттің жетістіктері, мүмкіндіктері және білім беру бағдарламалары туралы айтып, қонақтарды университеттің негізгі бағыттарымен таныстырды.

Ол өз баяндамасында бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудағы университеттің рөліне тоқталып, сапалы білім алу үшін жасалып жатқан жағдайлар, жұмыс берушілермен байланыстарды нығайту, инновацияларды енгізу және ғылыми-зерттеу қызметін дамыту бағытындағы жұмыстарды ерекше атап өтті.

ҚИнЭУ-де басталған Халықаралық апталық, аясында жобаның финалдық конференциясы да өтеді, жаңа серіктестік, ғылым және кәсіби даму мүмкіндіктерін ашты. Алда – мазмұнды бағдарлама мен болашағы зор ынтымақтастықтар.

Leave a comment