KEnEU International Week 2025 апталығының төртінші күні: AGROKAZ жобасының финализациясы

27 ноября, 2025
AgroKaz

Бүгінгі күн KEnEU International Week 2025 апталығы аясында AGROKAZ жобасының жобалық басқаруға және финалдық есепке дайындыққа арналды.

Таңертең қатысушылар негізгі ұйымдастырушылық мәселелерді талқылауға арнады: шетелдік серіктестер тәжірибелерімен бөлісіп, финалдық есепті дайындауда нені ескеру керектігін айтты және командаларға маңызды аспектілерді белгіледі.

Түстен кейін шетелдік қонақтардың дәрістері өтті. Нови-Сад университетінің профессоры Срджан Серемешич агроэкологияны масштабтау және ауыл шаруашылығын трансформациялау әлеуеті туралы баяндама жасады. Сонымен қатар, қазақстандық және шетелдік ғалымдар еліміздегі және шекарадан тыс агроэкологиялық білім берудің болашағын талқылады.

Ерекше сәт – қазақстандық қонақтарды сертификаттар мен естелік сыйлықтармен марапаттау болды.

Пайдалы воркшопты Барселона университетінің PhD докторы Микель Роберт Феррер өткізді, шетелде оқу ерекшеліктерімен бөлісті. Күннің кульминациясы – испан профессор сахнада қазақ ұлттық биі «Қара жорға» билеп, барлық қатысушылардың көңіл-күйін көтерді. Бұл күтпеген әрі жарқын сәт күннің нағыз айрықша сәтіне айналды.

Leave a comment