AGROKAZ жобасы Erasmus+ 2025 ақпараттық күніне қатысты: жобалар арасындағы синергия күшейтілуде

10 декабря, 2025
AgroKaz

2025 жылғы 10 желтоқсанда AGROKAZ жобасының өкілдері Астанадағы Esil University базасында өткен Erasmus+ 2025 ақпараттық күніне қатысты.

Шара барысында Erasmus+ бағдарламасының жаңа мүмкіндіктері, 2025 жылғы басымдықтары, өтінім дайындау тетіктері және қазақстандық жобалардың үздік тәжірибелері таныстырылды.

КИнЭУ өкілдері KAZDUAL жобасы (Абай атындағы ҚазҰПУ) командасымен арнайы кездесу өткізді.

KAZDUAL жобасы туралы

Жобаның мақсаты — Қазақстанда дуальді білім беру жүйесін бейімдеу, студенттердің еңбек нарығына қажетті құзыреттерін арттыру, университеттер мен бизнес арасындағы байланысты күшейту.

Жоба сондай-ақ оқу үдерісінде ESG және EQAVET секілді еуропалық сапа стандарттарын пилоттық енгізуді көздейді.

Жоба туралы толық ақпарат: https://kazdual.kaznpu.kz/

Кездесу барысында келешек бірлескен ынтымақтастық бағыттары талқыланды:

  • аграрлық салада дуальді оқытуды дамыту;
  • білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру;
  • бірлескен курстар мен зерттеу жобаларын әзірлеу;
  • оқытушылар мен студенттердің тәжірибе алмасуы.

AGROKAZ және KAZDUAL жобаларының мақсаттары бір-бірімен үндес, бұл жобалар арасындағы синергияны күшейтіп, Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кешен үшін мамандар даярлаудың сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Leave a comment